"Жезқазған қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" ММ
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Главная Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Опубликовано: 13 ноября 2019

 

Солтүстік Қазақстан облысы

 

әкімдігінің 2019 жылғы

 

"29" шілдедегі № 211 қаулысына

 

4-қосымша

"Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

  1. Жалпы ережелер
  2. "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі – регламент) "Техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 06 мамырдағы № 4 - 3/421 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11766 болып тіркелді) бекітілген "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) негізінде әзірленді.

       "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың, аудандардың жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
  2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі инженер-инспектордың қолымен және көрсетілетін қызметті берушінің мөртабанымен расталған, тіркеу құжатында (техникалық паспортта) "Ақаусыз" не "Ақаулы" деген жазба енгізу болып табылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық немесе қағаз түрінде.

      Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      порталға жүгінген жағдайда - машиналардың тікелей тұрған жері бойынша 10 (он) жұмыс күні және (немесе) машинаны тіркеу пунктіне әкелген жағдайда инженер-инспектордың техникалық байқаудан өткізу күні, орны мен уақыты көрсетілген, машинаны жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізуге дайын екендігі туралы хабарламасы – 2 (екі) жұмыс күні.

  1. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің өтінішін қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру.

      2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдары тәртібін сипаттау
  2. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті алушының (не оның өкілінің) өтінішті және төменде көрсетілген тиісті құжаттар топтамасын (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) не көрсетілетін қызметті алушының куәландырылған электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) электрондық құжат нысанында сұрау салуды ұсынуы болып табылады:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:

      жеке тұлға (не оның сенімхат бойынша өкілі):

       стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      машинаны тiркеу құжаты (техникалық паспорт);

      заңды тұлға (не оның сенімхат бойынша өкілі):

       стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      машинаны тiркеу құжаты (техникалық паспорт);

       стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша машиналарды мемлекеттік техникалық байқау актісіне енгізу үшін машиналар туралы мәліметтер;

      2) портал арқылы жүгінген кезде:

       стандартқа 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      машинаны тіркеу құжатының (техникалық паспорттың) электрондық көшірмесі.

      Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды:

      көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезде - қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын оның көшірмесіндегі құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, қойылған белгі растайды;

      портал арқылы тапсырған кезде - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

       Көрсетілетін қызметті алушы осы регламенттің 5-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

       Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталған жағдайда, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 19-1-бабына сәйкес (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңы) көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына мынадай рәсімдер (іс-қимылдар) кіреді:

      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушының өтініші мен құжаттар топтамасын қабылдап, өтінішті тіркейді, қабылданған күні мен уақытын, кіріс нөмірін, өтінішті қабылдаған лауазымды адамның тегі мен аты-жөнін, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу күнін (уақытын) және құжаттарды беру орнын көрсете отырып, өтініштің көшірмесіне құжаттардың қабылданғаны туралы мөртабан қояды, тіркелген өтінішті көрсетілетін қызметті беруші басшысының қарауына қарар қою үшін береді – 30 (отыз) минут;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы жауапты орындаушыны айқындап, қарар қояды және көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын жауапты орындаушыға жолдайды – 10 (он) минут;

       3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасының осы регламенттің 5 - тармағының талаптарға сәйкестігін тексеріп, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын туралы дәлелді жауап дайындайды, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қойып, құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - машинаның тікелей тұрған жерi бойынша 9 (тоғыз) жұмыс күні ішінде және (немесе) машинаны тіркеу пунктіне әкелген кезде 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

      4) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін береді – 5 (бес) минут.

  1. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:

      1) құжаттар топтамасын қабылдау және тіркеу;

      2) қарар салу;

      3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау
  2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) қатысады:

      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.

  1. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс - қимылдардың) реттілігін сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушының өтініші мен құжаттар топтамасын қабылдап, өтінішті тіркейді, қабылданған күні мен уақытын, кіріс нөмірін, тіркеу күнін, өтінішті қабылдаған лауазымды адамның тегі мен аты-жөнін, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу күнін (уақытын) және құжаттарды беру орнын көрсете отырып, өтініштің көшірмесіне құжаттардың қабылданғаны туралы мөртабан қояды, тіркелген өтінішті көрсетілетін қызметті беруші басшысының қарауына қарар қою үшін береді – 30 (отыз) минут;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы жауапты орындаушыны айқындап, қарар қояды және көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын жауапты орындаушыға жолдайды – 10 (он) минут;

       3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасының осы регламенттің 5 - тармағының талаптарға сәйкестігін тексеріп, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын не мемлекеттік қызмет туралы дәлелді жауап дайындайды, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қойып, құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - машинаның тікелей тұрған жерi бойынша 9 (тоғыз) жұмыс күні ішінде және (немесе) машинаны тіркеу пунктіне әкелген кезде 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

      4) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін береді – 5 (бес) минут.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
  2. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібін және рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің тәртібін сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті алушыны жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) арқылы порталда тіркеу (авторландыру);

      2) электрондық үкімет порталында (бұдан әрі - ЭҮП) ЭЦҚ тіркеу куәлігінің әрекет ету мерзімін және тізімде қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің жоқтығын, сондай - ақ сұрау салуда көрсетілген ЖСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру. ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты, сұрау салынған көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру не көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үшін электрондық сұрау салуды куәландыру;

      3) көрсетілетін қызметті алушының электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, электрондық сұрау салудың қажетті жолдарын толтырып, құжаттар топтамасын тіркеуі;

      4) көрсетілетін қызметті берушімен электрондық сұрауды өңдеу (тексеру, тіркеу);

      5) көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы реттілігінің сипаттамасына сәйкес рәсімдерді (іс-қимылдарды) жүзеге асырады;

      6) көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" құжаттарды қарауға қабылдау, мемлекеттік қызметті көрсету орнының мекенжайы мен мерзімі туралы хабарламаны не ұсынылған құжаттардың толық емес фактісін белгілеген жағдайда, дәлелді жауап жіберуі;

      7) көрсетілетін қызмет алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы тарихында көрсетілетін қызмет алушымен электрондық сұраныс мәртебесі және мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі туралы хабарламалар алуы.

      Мемлекеттік қызмет "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілмейді.

       Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудіңбизнес-процесстерінің анықтамалығында көрсетіледі.

  1. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
  2. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін күту және қажетті құжаттарды дайындау үшін жағдайлар жасалады (күтуге арналған креслолар, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақталады), сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін пандустар көзделеді.
  3. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

      тиісті көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.mgov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

  1. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
  2. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыc орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
  3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.mgov.kz интернет-ресурсында көрсетілген, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

 

"Тракторларды және олардың базасында жасалған

 

өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді,

 

монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса

 

алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл

 

шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы

 

машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту

 

мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы

 

мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу"мемлекеттік

 

көрсетілетін қызмет регламентіне

 

1 - қосымша

 Көрсетілетін қызметті берушілер

Уәкілетті органдардың атауы

Орналасқан жері

"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Петропавл қаласы, Парк көшесі, 57 В

"Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылы, Достық көшесі, 15

"Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ақжар ауданы, Талшық ауылы, Целинная көшесі, 13

"Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Аққайың ауданы, Смирнов ауылы, Народная көшесі, 37

"Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Есіл ауданы, Явленка ауылы, Ленин көшесі, 10

"Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Жамбыл ауданы, Преснов ауылы, Дружба көшесі, 6

"Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мағжан Жұмабаев ауданы, Булаев қаласы, Пионерская көшесі, 2а

"Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қызылжар ауданы, Бескөл ауылы, Институтская көшесі, 1

"Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мамлют ауданы, Мамлют қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, 5

"Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоишим ауылы, Абылайхан көшесі, 28

"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша атындағы аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 197

"Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев атындағы аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Тимирязев ауданы, Тимирязев ауылы, Шоқан Уәлиханов көшесі, 1

"Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов атындағы аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл ауылы, Жамбыл көшесі, 76

"Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шал ақын ауданы, Сергеевка қаласы, Победа көшесі, 35