"Жезқазған қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" ММ
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Главная Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу) "Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу)" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Опубликовано: 12 ноября 2019

 

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2015 жылғы 6 мамырдағы
№ 4-3/421 бұйрығына
4-қосымша

"Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу)" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

       Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.12.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 1-тарау. Жалпы ережелер

  1. "Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу)" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
  3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      3) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

 2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап немесе сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 2 (екі) жұмыс күні;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
  2. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқасын беру немесе машина кепілінің тіркелгені туралы хабарлама беру не осы Стандартта көрсетілген негіздер бойынша уәжді бас тарту.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде және/немесе электрондық.

      Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі жеке немесе заңды тұлғаның "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Өтініш беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қағаз тасығышта алуға жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және қағаз тасығышта беріледі.

  1. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушыға) ақылы негізде көрсетіледі. Кепiл мiндеттемесi тараптарының келiсімі бойынша кепiл берушi де, кепiл ұстаушы да көрсетілетін қызметті алушы бола алады.

       Мемлекеттік қызметті көрсеткені үшін көрсетілетін қызметті алушы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (бұдан әрі - Салық кодексі) белгіленген тәртіппен бюджетке тіркеу алымын төлейді.

      Тіркеу алымының мөлшері:

      1) жеке тұлғалардан – 1 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК);

      2) заңды тұлғалардан – 5 АЕК-ні;

      3) кепілдің тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін – 0,5 АЕК-ні құрайды.

      Тіркеу алымын төлеу екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады, сондай-ақ портал арқылы төлем жүргізу "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.

  1. Мыналардың:

       1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;

       2) Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Заңның 5-бабына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін;

       3) порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына және Заңның 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

  1. Көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге және/немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:

      осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      жеке басын куәландыратын құжат, ал өкілі жүгінген кезде – өзінің өкілеттігін растайтын құжат, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

      Салық кодексіне сәйкес кепілді тіркегені үшін бюджетке алымның төленгенін растайтын құжат;

      2) порталға жүгінген кезде:

      осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес машиналардың кепілі шарттары туралы мәліметтерді, сондай-ақ осы Стандарттың талаптарына сәйкес мәліметтерді көрсете отырып, мәміле тараптары электрондық цифрлық қолтаңбасымен порталда қол қойған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      жеке басын куәландыратын құжат туралы, кепілді тіркегені үшін бюджетке алымның төленгендігі туралы, заңды тұлғаны тіркеу туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация және кеңсе жұмыскері ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайда "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.

      Кеңсе және Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері егер, Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.

      Тiркелген кепiлдiң өзгерiстер мен толықтыруларын (оның iшiнде, меншiк құқығының басқа адамға ауысуын, талап ету құқығын басқаға беруді) және қолданысын тоқтатуды тiркеу өтiнiш берушiнің өтініш беруі немесе өтінішті бірыңғай тізілім арқылы осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық түрде жолдауы жолымен жүзеге асырылады. Бұл ретте машиналар кепілінің тізіліміне, оның ішінде бірыңғай тізілімге тиісті мәліметтерді енгізу жүргізіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды:

      1) кеңсеге тапсырған кезде – қағаз тасығыштағы өтініштің қабылданғанын құжаттардың топтамасын қабылдау күнін, уақытын, құжатты қабылдаған жауапты адамның атын, әкесінің атын, тегін көрсете отырып, кеңседе тіркеу туралы оның көшірмесіндегі белгі растайды;

      2) Мемлекеттік корпорацияға тапсырған кезде – көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;

      3) портал арқылы тапсырған кезде – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға (не нотариалды расталған сенімхат бойынша оның өкіліне, өкілдігін растайтын құжат бойынша заңды тұлғаның өкіліне) дайын құжаттарды беруді жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қолхат негізінде оның жұмыскері жүзеге асырады.

      Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінсе, Мемлекеттік корпорацияның сұранымы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

      Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күнін және уақытын (егер беру қағаз тасығышта жүзеге асырылатын болса алу орнын көрсету керек) көрсете отырып, хабарлама жіберіледі.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:

      1) кепілді тіркеу туралы өтініштің толық толтырылмауы;

      2) кепiлдi тiркеу туралы өтiнiштің осы Стандарттың 4-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі;

      3) кепiлдi тiркеу туралы өтiнiшпен тиiстi емес адамның жүгінуі;

      4) жылжымалы мүлiк кепiлiн және кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркегенi үшiн бюджетке алымның төленгенiн растайтын құжаттың болмауы.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

 3-тарау. Орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның жұмыскерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

  1. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы Cтандартnың 15-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

      Мемлекеттік корпорация жұмыскерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы Cтандартның 15-тармағында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша Мемлекеттік корпорация басшысының атына жолданады.

      Мыналардың:

      1) жеке тұлғаның шағымында аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, почталық мекенжайы көрсетіледі;

      2) заңды тұлғаның шағымында атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оның көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылдағанын растайды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің және Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде немесе Мемлекеттік корпорацияда қолма-қол беріледі.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

      Арыз портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" көрсетілетін қызметті берушінің арызды өңдеуі (шағымның жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын арыз туралы ақпарат қолжетімді болады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.

 4-тарау. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар

  1. Тіршілік әрекетін шектейтін ағза функцияларының тұрақты бұзушылығы бар, денсаулығы нашар көрсетілетін қызметті алушыларға, қажет болған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарын қабылдауды бірыңғай байланыс орталығы (1414, 8 800 080 7777) арқылы жүгіну жолымен Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері тұрғылықты жерге барып жүргізеді.
  2. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін күту және қажетті құжаттарды дайындау үшін (күтуге арналған креслолар, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақталады) жағдай жасалады, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі мемлекеттік қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін пандустар қарастырылады.
  3. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) тиісті көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;

      2) Министрліктің www.moa.gov.kz интернет-ресурсында;

      3) Мемлекеттік корпорацияның www.gov4с.kz интернет-ресурсында;

      4) egov.kz. порталында орналастырылған.

  1. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
  2. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыc орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
  3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.moa.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

 

"Тракторларды және олардың
базасында жасалған өздiгiнен
жүретiн шассилер мен
механизмдердi, монтаждалған
арнаулы жабдығы бар
тiркемелердi қоса алғанда,
олардың тiркемелерiн, өздiгiнен
жүретiн ауыл шаруашылығы,
мелиоративтік және жол-
құрылыс машиналары мен
механизмдерiн, жүрiп өту
мүмкiндiгi жоғары арнайы
машиналардың кепілін
мемлекеттік тіркеу (тіркеуден
алу)" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша

 

Нысан

 ___________________________________________ тіркеуші органның атауы № ____ өтініш

      Кепіл беруші ____________________________________________________________

      (жеке тұлғаның ЖСН-сы, қолы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, тұрғылықты жерi

      _______________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның БСН-сы, атауы, орналасқан жерi)

      Кепіл ұстаушы __________________________________________________________

      (жеке тұлғаның ЖСН-сы, қолы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, тұрғылықты жерi)

      _______________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның БСН-сы, атауы, орналасқан жерi)

      Мынаны: _______________________________________________________________

      (жылжымалы мүлік кепілі туралы шартты тiркеуді, кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе куәліктің телнұсқасын беруді)

      _______________________________________________________________________

      (шарттың нөмірі, кепiл туралы шарттың немесе кепiл туралы талаптар қамтылған өзге шарттың жасалған күнi мен орны)

      _______________________________________________________________________

      (кепiл нысанасы болып табылатын мүлiктiң тiзбесi және сипаттамасы немесе кепіл туралы шартта тараптардың келісімімен көзделген кепілмен қамтамасыз етудің нақты сипаттамасы талап етілместен, кепіл нысанасының жалпы сипаттамасы) _______________________________________________________________________ (кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң ақшалай баламасы)

      _______________________________________________________________________ (кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң қолданылу мерзiмi)

      _______________________________________________________________________

      (кепiлге салынған мүлiк қай тарапта екенi туралы нұсқау, оны пайдалануға болатыны және қайта кепiлге салу туралы мәліметтер) _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________ өтінемін.

      (өтініш берушінің электрондық почтасының (бар болса) мекенжайы)

      Осы өтінішке қоса берілетін құжаттардың атауы:

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      Өтiнiш берушiнiң немесе оның өкiлiнiң қолы және заңды тұлға үшiн мөрi (бар болса) _____________________________________________________________

      Өтініш берілген күн: 20 жылғы ________________________

      Өтініш қабылданған күн: 20 жылғы ____________________

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын. Заңмен қорғаланатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Өтініш берушінің немесе оның өкілінің қолы____________Уақыты______ сағат______ минут

      Тіркеушінің қолы _________________________________________________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)

      Өтінішті жылжымалы мүлiк кепiлiнің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық түрде жіберген жағдайда "электронды үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеуді қоспағанда, өтiнiшке жылжымалы мүлiк кепiлiн мемлекеттiк тiркегені үшiн бюджетке алымның төленгенiн растайтын құжат қоса берiлуі тиiс.

      Өтініш тiркеушi органға және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға берілген кезде өтініш беруші – жеке басын куәландыратын құжатты, ал тұлғаның өкілі – өзінің өкілеттіліктерін растайтын құжатты, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуға міндетті.

 

"Тракторларды және олардың
базасында жасалған өздiгiнен
жүретiн шассилер мен
механизмдердi, монтаждалған
арнаулы жабдығы бар
тiркемелердi қоса алғанда,
олардың тiркемелерiн,
өздiгiнен жүретiн ауыл
шаруашылығы, мелиоративтік
және жол-құрылыс машиналары
мен механизмдерiн, жүрiп өту
мүмкiндiгi жоғары арнайы
машиналардың кепілін
мемлекеттік тіркеу (тіркеуден
алу)" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша

 

Нысан

 _____________________________________________ органның атауы № ____ өтініш

      Кепіл беруші ____________________________________________________________

      (жеке тұлғаның ЖСН-сы, қолы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, тұрғылықты жерi

      _______________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның БСН-сы, атауы, орналасқан жерi)

      Кепіл ұстаушы __________________________________________________________

      (жеке тұлғаның ЖСН-сы, қолы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, тұрғылықты жерi)

      _______________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның БСН-сы, атауы, орналасқан жерi)

      Мынаны: _______________________________________________________________

      (тiркелген кепiлдiң өзгерiстер мен толықтыруларын (оның iшiнде, меншiк құқығының басқа адамға ауысуын, талап ету құқығын басқаға беруді) және қолданысын тоқтатуды тiркеуді) _______________________________________________________________________ (бастапқы тiркелген кепiлге нұсқама, кепіл туралы шартқа өзгерiстер мен толықтырулардың сипаттамасы (меншiк құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру және тағыда басқа), тiркелген кепiлдiң қолданысын тоқтатудың негiздерi)

      _______________________________________________________________________

      (кепіл талаптарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шартқа не кепіл бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру туралы шартқа (оның ішінде активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шартқа) қол қойылған күн)

      _______________________________________________________________________

      (активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың негізінде өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу жағдайларын қоспағанда, тіркеуші орган немесе Мемлекеттік корпорация берген жылжымалы мүлік кепілінің тіркеу нөмірі)

      _______________________________________________________________________

      (енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың сипаттамасы және мәліметтері)

      ________________________________________________________________өтінемін.

      Кепіл берушiнiң немесе оның өкiлiнiң қолы______________________________

      Кепіл ұстаушының немесе оның өкiлiнiң қолы_____________________________

      *Кепіл шарттары бойынша құқықтар (талаптар) басқаға берілген кезде – жаңа кепіл ұстаушының ғана қолы, сондай-ақ құқықтарын (талаптарын) басқаға берген кепіл ұстаушының қолы қойылған келісім.

      Өтініш берілген күн: 20 жылғы ________________________

      Өтініш қабылданған күн: 20 жылғы ____________________

       Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын. Заңмен қорғаланатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Өтініш берушінің немесе оның өкілінің қолы____________ уақыты______ сағат______ минут

      Тіркеушінің қолы _________________________________________________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)

      Өтінішті жылжымалы мүлiк кепiлiнің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық түрде жіберген жағдайда "электронды үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеуді қоспағанда, өтiнiшке жылжымалы мүлiк кепiлiн мемлекеттiк тiркегені үшiн бюджетке алымның төленгенiн растайтын құжат қоса берiлуі тиiс.

      Өтініш тiркеушi органға және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға берілген кезде өтініш беруші – жеке басын куәландыратын құжатты, ал тұлғаның өкілі – өзінің өкілеттіліктерін растайтын құжатты, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуға міндетті.

 

"Тракторларды және олардың
базасында жасалған өздiгiнен
жүретiн шассилер мен
механизмдердi, монтаждалған
арнаулы жабдығы бар
тiркемелердi қоса алғанда,

 

олардың тiркемелерiн, өздiгiнен
жүретiн ауыл шаруашылығы,
мелиоративтік және жол-
құрылыс машиналары мен
механизмдерiн, жүрiп өту
мүмкiндiгi жоғары арнайы
машиналардың кепілін
мемлекеттік тіркеу (тіркеуден
алу)" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша

 Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

       "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, ___________________ мекенжайында орналасқан "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) филиалының №___ бөлімі Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға, атап айтқанда:

      жоқ құжаттардың атауы:

      1) _______________________________________;

      2) _______________________________________;

      3) _______________________________________ ұсынбауыңызға байланысты "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу)" мемлекеттік қызметін көрсетуге арналған өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Осы қолхат әр тарап үшін бір-бір данадан 2 данада жасалды.

      _______________________________________________________________________

      (Мемлекеттік корпорация жұмыскерінің (аты, әкесінің аты (бар болса) тегі, қолы)

      Орындаушы:____________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі.

      Телефоны ________________

      Алдым:________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)

      20___жылғы "____" __________