"Жезқазған қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" ММ
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Главная Ақпарат 2018 жылдың қаңтар-шілде айындағы Жезқазған қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы

2018 жылдың қаңтар-шілде айындағы Жезқазған қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы

Опубликовано: 22 августа 2018

Өнеркәсіп

 

Жалпы өнеркәсіп өнімі көлемі 184 млрд. 287,6 млн.теңгені құрады, бұл жоспарлық көрсеткішке 103,3 пайызды (178 млрд. 348,7 млн.теңге), өткен жылдың сәйкес мерзіміне 103,3 пайызды құрады (178 млрд. 034,4 млн. теңге).

Физикалық көлем индексі 86,7 пайыз.

 

Өңдеу өнеркәсібі өндірісі көлемі 147 млрд. 539,5 млн. теңгені құрады, жалпы өнеркәсіп өнімі көлемінің 80,1 пайызын құрайды.

 

Негізгі капиталға инвестиция

 

Негізгі капиталға енгізілген инвестиция көлемі 10 млрд. 205,1  млн.теңгені құрады, бұл жоспарлық көрсеткішке 295,3 пайызды (3 млрд. 456 млн.теңге), өткен жылдың сәйкес мерзіміне 211,2 пайызды құрады (4 млрд. 831,9 млн. теңге).

Физикалық көлем индексі 198 пайыз.

 

        Индустриялды-инновациялық даму

 

           Кәсіпкерлікті қолдау картасы.

 

2015-2019 жылдарға арналған Қарағанды облысының Кәсіпкерлікті қолдау картасына жалпы құны 12 млрд. 679,8 млн. теңгені құрайтын және 339 жұмыс орны ашылатын 6 жоба еңгізілген.

 

«Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың біріңғай бағдарламасы.

 

Ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айында «банктің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау» тетігі бойынша бағдарлама шеңберінде жалпы құны 193,7 млн. теңге құрайтын, 19 жаңа жұмыс орын ашылатын және 32 орын сақталатын 7 жоба қолдау алды.

 

         Шағын және орта кәсіпкерлік

 

         Жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 5347 бірлікті, өткен жылдың сәйкес мерзіміне (5263 бірлік) 101,6 пайызды құрады, оның ішінде 958 заңды тұлға немесе өткен жылдың сәйкес мерзіміне 113,8 пайыз (842 бірлік), 4172 жеке тұлға немесе өткен жылдың сәйкес мерзіміне 99 пайыз (4214 бірлік), 217 шаруа қожалықтары немесе өткен жылдың сәйкес мерзіміне 104,8 пайыз (207 бірлік).

Шағын кәсіпкерлік субъектілерімен шығарылған өнім (жұмыстар мен қызметтер) көлемі 9 млрд. 410,1 млн. теңгені құрады, бұл жоспарланған көрсеткішке 101,9 пайызды (9 млрд. 235 млн.теңге), өткен жылдың сәйкес мерзіміне 102,3 пайызды құрады (9 млрд. 202 млн.теңге).

Бөлшек сауда тауар айналым көлемі 18 млрд. 989,6 млн.теңгені құрады, бұл жоспарланған көрсеткішке 105,5 пайызды (18 млрд. теңге), өткен жылдың сәйкес мерзіміне 112,3 пайызды құрады (16 млрд. 908,8 млн.теңге). Физикалық көлем индексі 105,2 пайызды құрады.

 

Ауыл шаруашылығы

 

Жалпы ауыл шаруашылығы өнімін өндіру 1022,5 млн. тенгені, бұл жоспарланған көрсеткішке 97,6 пайызға құрады (1047,6 млн. теңге) өткен жылдың сәйкес мерзімімен 101,5 пайызды құрады (1007,3  млн. тенге).

Нақты көлемінің индексі 101,5%.

Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру:

- Ет – 487,3 тонна, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 98,6 пайызды құрады (494,2 тонна), 2018 жылдың жоспары 96,7 пайызға орындалды (504,1 тонна);

- Сүт – 2429,5 тонна, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда  103,5 пайызды құрады (2348,3 тонна), 2018 жылдың жоспары 101,4% пайызға орындалды (2395,2 тонна);

- Жұмыртқа – 5187,7 мың дана, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда  115,1 пайызды құрады (4505,3 мың дана), 2018 жылдың жоспары 112,9% пайызға орындалды (4595,4 мың дана).

 

Ауыл шаруашылығының мал басы:

- Мүйізді ірі қара – 9197  бас, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 98,5 пайыз (9339  бас);

- Қой мен ешкі – 24649 бас, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 102,6 пайыз (24022 бас);

- Жылқы – 7405 бас, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 105,6 пайыз (7010 бас);

- Құс  – 36409 бас, өткен жылдың осы мезгілімен салыстырғанда 112,8 пайыз (32280 бас);

- Шошқа - 132 бас, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 63,5 пайыз (208 бас).