"Жезқазған қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" ММ
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Главная Ақпарат «Бастау Бизнес» жобасы бойынша тестілеу кезеңінің басталғаны туралы хабарландыру

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша тестілеу кезеңінің басталғаны туралы хабарландыру

Опубликовано: 25 июля 2018

            2018 жылдың 09 тамыз  айынын бастап «Бастау» бағдарламасы бойынша тегін оқыту курстарына қабылдау басталады. Курстар кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға арналған.

           Жұмыссыздар (жұмыспен қамту орталығына тіркеуге тұру қажет етілмейді) мен өзін өзі жұмыспен қамтығандарды, өз бизнесін ашқысы келетіндерді, сондай-ақ бизнесін кеңейткісі келетін кәсіпкерлерді оқуға шақырамыз.

            Бағдарламаға қатысу үшін тестілеуден өту керек. Тест қорытындысы бойынша топқа іріктеу жүргізіледі. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының филиалына/тұрғындарды жұмыспен қамту орталықтарына/ауылдық округ немесе елді мекен әкіміне жүгіне алады, сонымен бірге өтініш пен саулнама толтырады. Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, мекенжай анықтамасы, дербес кредиттік шот құжаты болуы қажет.

            Оқу ұзақтығы 25 күн. Бағдарламаға қатысушыларға шәкіртақы төленіп, сертификат беріледі.

            Толық ақпарат алу үшін келесі мекенжайлары бойынша хабарласуға болады:

 

немесе atameken.kz сайтында бағдарламамен толық таныса аласыздар.