"Жезқазған қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" ММ
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Главная Ақпарат Ауыл шаруашылығы өсімдік өнімдерін өндірушілердің назарына!

Ауыл шаруашылығы өсімдік өнімдерін өндірушілердің назарына!

Опубликовано: 11 января 2018

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңына, Қазақстан Республикасы министрінің  міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпанындағы №4-3/177 бұйрығымен бекітілген  «Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын субсидиялау» қағидаларына сәйкес субсидия алуға өтінімдер қабылдана бастағанын хабарлаймыз.                                                    Субсидия алуға ниет білдірушілер өтінімді құжаттарымен бірге «Жезқазған қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі»                           мемлекеттік мекемесіне тапсырулары қажет.                                                     Толық мағлұматты «Жезқазған қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінен алуға болады.                    Мекенжайы: Жезқазған қаласы, Алаш алаңы, 1, №403 кабинет, тел. 73-41-96.

«Жезқазған қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ.