"Жезқазған қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" ММ
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Главная Ақпарат әлеуметтік-экономикалық даму қорытынды ақпараты 2017 жылдың қаңтар-сәуір айындағы Жезқазған қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы

2017 жылдың қаңтар-сәуір айындағы Жезқазған қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы

Опубликовано: 29 мая 2017

Өнеркәсіп

 

2017 жылдың қаңтар-сәуір айында өнеркәсіп өнім көлемі             100 млрд. 946,6 млн.теңгені немесе 2016 жылмен салыстырғанда              118 пайызды (85 млрд. 523,5 млн. теңге), физикалық көлем индексі 104,7 пайызды құрады.

 

Инвестиция

 

Негізгі капиталға инвестиция салу көлемі 1 млрд. 432,5 млн.теңге, немесе 2016 жылмен салыстырғанда 97,3 пайызды (1 млрд. 472,2 млн.теңге), физикалық көлем индексі  93,6 пайызды құрады.

 

Шағын және орта кәсіпкерлік

 

Жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 5372 бірлікті немесе өткен жылдың сәйкес мерзіміне (5308 бірлік) 101,2 пайызды құрады, оның ішінде заңды тұлға 808 бірлік немесе өткен жылдың сәйкес мерзіміне 104,1 пайызды (5308 бірлік), жеке тұлға  4360 бірлік немесе өткен жылдың сәйкес мерзіміне 100,7 пайызды (4330 бірлік), шаруа қожалықтары 204 бірлік немесе өткен жылдың сәйкес мерзіміне 101 пайызды (202 бірлік) құрады.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерімен шығарылған өнім (жұмыстар мен қызметтер) көлемі 3 млрд. 854,3 млн. теңгені құрады, 2017 жылдың жоспарлы (3 млрд. 750 млн.теңге) көрсеткішке 102,8 пайызды, өткен жылдың сәйкес мерзіміне (3 млрд. 746,2 млн.теңге) 102,9 пайызды құрады.

Бөлшек сауда тауар айналым көлемі 8 млрд. 966,7 млн.теңгені құрады немесе жоспарланған (8 млрд. 140 млн.теңге) көрсеткішке 110,1 пайызды, өткен жылдың сәйкес мерзіміне (8 млрд. 132,1 млн.теңге) 110,3 пайызды құрады.

Физикалық көлем индексі 101,2 пайызды құрады.

Ауыл шаруашылығы

 

         Ауыл шаруашылығы өнімін өндіру көлемі 305,9  млн.теңгені   құрады немесе өткен жылдың сәйкес мерзіміне 104,5 пайызды (292,6 млн.теңге). Физикалық көлем индексі 100,7 пайызды құрады.

 

Өндірілген ауылшаруашылығы өнімдерінің көлемі:               

- Ет – 227,6 тонна;

- Сүт өндіру – 969,3 тонна;         

- Жұмыртқа – 2755,8 мың дана.

Ауыл шаруашылығындағы мал басы:

- Мүйізді ірі қара – 10 086 бас;

- Қой мен ешкі – 22 573 бас;

- Жылқы – 7 460 бас;                                                         

- Құс – 49 832 бас.

 

Индустриалды - инновациялық даму

 

Кәсіпкерлікті қолдау картасы

         Қарағанды облысының кәсіпкерлікті қолдау картасына                          9 инвестициялық жоба қосылған (667 жұмыс орны, жалпы құны                14 млрд. 752,8 млн.теңге), оның ішінде 2010-2014 жылдары 4 жоба қосылған (358 жұмыс орны, жалпы құны 2 млрд. 313 млн.теңге).

         Бүгінгі күні бұл жобалардың барлығы тұрақты жұмыс істейді және жыл сайынғы жоспарлы қуаттылығын асыра орындайды.

         Қарағанды облысының 2015-2019 жылдарға арналған кәсіпкерлікті қолдау картасына 5 инвестициялық жоба қосылған                (309 жұмыс орны, жалпы құны 12 млрд. 439,8 млн.теңге). Оның ішінде «BAYAN» Компаниясы» ЖШС-нің «Арнайы азық-түлік өнімдерін өндіруге арналған цех құрылысы» жобасы 2015 жылдың 28-ші желтоқсанында іске қосылды.

2016 жылдың желтоқсанында 3 жоба іске қосылды:

- «Жалтырбұлақ» АҚ-ның «Жалтырбұлақ кен орнынан алтын кенін қайта өңдеуге арналған өндірістік модуль және үймелеп шаймалау қондырғылар кешенін салу» жобасы;

- жеке кәсіпкер «ТӘТТІ» «Кондитерлік және нан-тоқаш өнімдерін өндіру цехі» жобасы;

- жеке кәсіпкер Төлеуов «Кондитерлік өндірісі бойынша цех құрылысын салу» жобасы;

Жобаның жалпы құны 8,2 млрд.теңге құрайтын «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-нің «Қара мыс концентратын өңдейтін өндірістік-тәжірибелік гидрометалургиялық қондырғысының құрылысы» жобасын іске қосу 2018 жылға жоспарланды.

 

«Бизнестің жол картасы 2020» бірыңғай бағдарламасы

 

Ағымдағы жыл басынан бастап бағдарлама шеңберіндегі «банк несиелері бойынша  пайыздық ставканы субсидиялау» тетігі бойынша жалпы жоба құны 465,4 млн.теңгені құрайтын 12 жобалар, «банк несиелері бойынша кепілдік беру» тетігі бойынша  жалпы кепіл сомасы 30 млн.теңгені құрайтын 1 жоба қолдау алды.