"Жезқазған қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" ММ
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Главная Ақпарат «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы

«Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы

Опубликовано: 22 февраля 2016

КОРПОРАЦИЯНЫҢ МИССИЯСЫ

Қазақстан Республикасы АӨК субъектілерін кредиттеудің қол жетімді  жүйесін дамыту жолымен аграрлық саланы индустриаландыру мен әртараптандыруға ат салысу.

 

Корпорация көрінісі

Корпорация 2020 жылы отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін мемлекеттік қолдау аясында аграрлық секторды кредиттеу нарығындағы екінші деңгейлі банктерді және агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін кредиттейтін өзге қаржы ұйымдарын қорландыруды, кредиттік серіктестіктер желісін дамытуды, басым бағыттар бойынша жобаларды қаржыландыруды, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ететін негізгі қаржы ұйымы болады.

Корпорация АӨК субъектілеріне қолжетімді ақшалай қаражатты ұсыну жолымен ауыл шаруашылығы өндірісін индустриялау мен әртараптандыруға, аграрлық саланың еңбек өнімділігін арттыруға елеулі үлес қосуда.

Корпорацияның қызметі 2020 ж. басқару менеджменті мен корпоративтік басқарудың жоғары стандарттарына сәйкес келеді.

       1-стратегиялық бағыт. АӨК еңбек өнімділігінің өсімін индустриаландыру мен әртараптандыру арқылы ынталандыру.

1-мақсаты. Заманауи агротехнологияларды пайдалану арқылы жоғары технологиялық (инновациялық) жобаларды қаржыландыру есебінен еңбек өнімділігін өсіру.

Міндеттері:

  1. АӨК-дегі салалық басымдылықтарға сәйкес Корпорацияның инвестициялық саясатын қалыптастыру;*
  2. АӨК субъектілерін, инвестициялық, о.і. инновациялық жобаларды қаржыландыру үшін қаражат тарту;*
  3. АӨК кластерлік дамуына жәрдемдесу;
  4. «жасыл технологияларды» енгізуге жәрдемдесу. 

       2-стратегиялық бағыт. Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу.

1-мақсаты. Астана мен Алматы қалалары айналасында азық-түлік белдеуін қалыптастыруды ынталандыру.

Міндет:

  1. Астана мен Алматы қалалары айналасында азық-түлік белдеуі аясында АӨК субъектілерін қаржыландыру;

2-мақсаты: АӨК субъектілерін ауыл шаруашылығы шикізатын өндіру, сатып алу мен өңдеуге негізгі құралдарды сатып алуы мен айналым қаражатын толтыруы үшін қаржы ресурстарымен уақытылы қамтамасыз ету.

Міндеттер:

  1. АӨК субъектілерін көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын өткізу, ауыл шаруашылығы өнімін сатып алу мен іске асыру үшін қаржыландыру;
  2. Ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу мен азық-түлік өндірісі бойынша кәсіпорындарды:

       3-стратегиялық бағыт. АӨК экспорттық әлеуетін дамыту мен іске асыруға жәрдемдесу.

1-мақсаты.  АӨК экспорттық әлеуетін дамыту.

Міндеттері:

1) Корпорация қаржыландырған ет пен ет өнімдерінің өндірісі бойынша экспортқа бағдарланған инвестициялық жобалардың мониторингі;

2) астықты сақтау мен оның экспортына арналған инфрақұрылымды кеңейту;

3) Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін мал шаруашылығын, о.і. отарлы мал шаруашылығын дамыту үшін кредиттеу жолымен ынталандыру.

        4-стратегиялық бағыт. АӨК субъектілерін қолдау бойынша қызметтердің қол жетімділігін арттыру.

1-мақсаты. АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру.

Міндеті:

  1. Корпорацияның қаржылық сауықтыру процесіне субъектілердің қатысуы.
  2. Қаржылық сауықтыру өткізу үшін орналастырылған қаржы көлемі, млрд. теңге.
  3. Қаржылық сауықтырылған Корпорация қарыз алушыларының кредиттік және лизингілік шарттарының саны.

2-мақсаты. АӨК қолжетімді қаржылық, өндірістік және сервистік инфрақұрылымын дамыту.

Міндеттер:

  1. АӨК субъектілерін, оның ішінде КС, Бірлестіктер, АШЖБ мен т.б. қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету.
  2. АӨК субъектілерінің кредит ресурстарына қолжетімділігін екінші деңгейлі банктерді және агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін кредиттейтін өзге ұйымдарды қорландыру жолымен кеңейту.

       5-стратегиялық бағыт. Корпорацияның корпоративтік басқару сапасы мен қызметінің айқындылығын арттыру.

1-мақсаты. Корпорация активтерін басқарудың тиімділігін арттыру.

Міндеттері:

  1. өз капиталы мен активтерді пайдалану тиімділігін арттыру;
  2. қаржыландырылған жобалар мониторингі жүйесін жетілдіру;
  3. несие портфелінің сапасын басқару;
  4. Корпорация қызметіндегі тәуекел-менеджменттің маңызын арттыру;
  5. Борышқорлық жүктеме коэффициентерін белгілеу және оның мониторингі арқылы Корпорацияның борышқорлық міндеттемелерін басқару;
  6. Корпорацияда инновацияларды енгізу мен дамыту;
  7. Корпорацияның кредиттік рейтингтерін қолдау.

2-мақсаты. Корпоративтік басқару жүйесінің тиімділігін өсіру.

Міндеттері:

  1. Холдингтің жаңа басым міндеттеріне сәйкес Корпорацияның ұйымдық құрылымын оңтайландыру;
  2. 2015 жылға қарай корпоративтік басқару рейтингіне ие болу;
  3. агробизнеске қызметтерді ұсыну бойынша бизнес-процестерді оңтайландыру;
  4. Корпорацияда адами әлеуетті дамыту және еңбекақы төлеудің бәсекеге қабілетті жүйесін қалыптастыру;

3-мақсаты. Корпорация қызметінің айқындылығын қамтамасыз ету.

Міндеттері:

  1. Холдинг пен оның еншілес акционерлік қоғамдарының  бірыңғай брендін әзірлеу және оны жылжыту;
  2. Корпорацияның басқару органдарына қоғамдық ұйымдардың өкілдерін және шетел мамандарын қосу;
  3. Холдинг пен оның еншілес акционерлік қоғамдарының ақпараттық-имидждік қызметін БАҚ-та активтендіру.

 

"Сыбаға" бағдарламасы

Етті тұқымды жас төлдің ұдайы өндірісі үшін ІҚМ аналық басын және асыл тұқымды өндіруші бұқаларды сатып алуға АӨК субъектілерін кредиттеу бағдарламасы («Сыбаға») кредиттеудің келесі талаптарын қарастырады:

 

Кредиттеу талаптарының параметрлері

Кредиттеу талаптары

Бағдарлама мақсаты

Етті бағыттағы ірі қара малдың тауарлық табынының санын ұлғайтуды қамтамасыз ету

Нысаналы топ

заңды және жеке тұлғалар (ШҚ, ФҚ, ЖК), КС

Нысаналы мақсаты

Заңды және жеке тұлғалар үшін (ШҚ, ФҚ, ЖК):

-         ІҚМ аналық басын, оның ішінде ІҚМ селекциялық жас төлін және/немесе асыл тұқымды өндіруші бұқаларды сатып алу (РБ, ӨҚ, ТҚ);

-      негізгі құралдарды сатып алу және жөндеу, айналым қаражатын толтыру, жалпы көлемі қарыз сомасынан 15%-дан артық емес мөлшерде (ӨҚ, ТҚ).

КС үшін:

-      ІҚМ аналық басын, оның ішінде ІҚМ селекциялық жас төлін және/немесе асыл тұқымды өндіруші бұқаларды сатып алу, негізгі құралдарды сатып алу және жөндеу, жалпы көлемі қарыз сомасынан 15%-дан артық емес мөлшерде айналым қаражатын толтыру (ӨҚ, ТҚ) үшін КС қатысушыларын кредиттеу үшін КС кредиттеу (РБ, ӨҚ, ТҚ).

Қайнар көзі

РБ, ӨҚ, ТҚ

Валюта

теңге

ІҚМ-ды сатып алуға төлем нысаны және қарыз берудің тәртібі

Корпорация/КС қарыз алушыларына қарыз қолма-қол ақшасыз нысанмен беріледі.

ІҚМ сатып алуға төлеу нысаны – қолма-қол  ақшалай және ақшасыз:

-         ІҚМ үшін қолма-қол ақшалай төлеу нысаны Корпорация/КС қарыз алушыларымен сомасы 15 000 000 (он бес миллион) теңгеден аспайтын мөлшерде қолданылады. Егер кредиттің жалпы сомасы 15 000 000 (он бес миллион) теңгеден асқан жағдайда қарыз 15 000 000 (он бес миллион) теңгеден аспайтын транштармен беріледі. 

-                    ІҚМ үшін төлемнің қолма-қол ақшасыз беру нысаны жеке тұлға-Корпорация/КС қарыз алушысының қарауы бойынша қолданылады.

-                    Заңды тұлғалар - Корпорация/КС қарыз алушылары үшін ІҚМ үшін қолма-қол ақшалай төлеу нысаны заңды тұлғалармен есеп айырысқан жағдайда  тиісті қаржы жылына белгіленген 1000 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде ғана қолданылады.

Транштармен қаржыландырылған жағдайда екінші және кейінгі транштарды беру алдыңғы транш бойынша ақша қаражатының нысаналы пайдаланылуын растайтын құжаттарды Корпорация/КС қарыз алушысы ұсынғаннан соң жүргізіледі, егер өзгесі   Корпорация/КС Кредиттік комитетінің шешімімен белгіленбесе. 

Сома

КС-ті қоспағанда қарыз алушылар үшін:

 8 500 000 теңгеден бастап Корпорацияның меншікті капиталының 25%-ына дейін

 КС үшін -  1 000 000 теңгеден бастап Корпорацияның меншікті капиталының 25%-ына дейін

  (өз қарыз алушылары үшін қарыздарды КС ұсынған жайдайда - 1 000 000 теңгеден бастап 20 000 000 теңгеге дейін)

Кредиттердің түрлері

Қарыз (КС-ті қоспағанда)/ ІҚМ аналық басын, оның ішінде ІҚМ селекциялық жас төлін сатып алуға, негізгі құралдарды сатып алу мен жөндеуге жаңартылмайтын кредит желісі/асыл тұқымды өндіруші бұқаларды сатып алуға және айналым қаражатын толтыруға жаңартылатын кредит желісі   

Кредит желісінің мерзімі

 120 айға дейін

Кредит/траншмерзімі

-     ІҚМ аналық басын, оның ішінде ІҚМ селекциялық жас төлін сатып алу –  120 айға дейін;

-     асыл тұқымды өндіруші бұқаларды сатып алу –  24 айға дейін;

-     айналым қаражатын толтыру – 24 айға дейін;

-     негізгі құралдарды сатып алу және жөндеу – 120 айға дейін.

Кредиттеу ставкасы

КС-ті қоспағанда қарыз алушылар үшін – ІҚМ сатып алуға – жылдық 14% (жылдық 7% субсидиялауды есепке ала отыра)[1], техника мен жабдықты сатып алуға – жылдық 14% (жылдық 4% субсидиялауды есепке ала отыра) (СЖТС - жылдық 14 %), айналым қаражатын толтыруға – жылдық 14 % (СЖТС - жылдық 14 %)   

КС үшін – жылдық 9,5 %  ( КС қарыз алушылары үшін сыйақы ставкасы КС Уәкілетті органымен белгіленеді, бірақ жылдық 14%-дан артық емес )

(СЖТС - жылдық 9,5 %)

Негізгі борышты өтеу мерзімділігі

ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір рет, жылына бір рет, мерзім соңында, ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігімен

Сыйақыны өтеу мерзімділігі

ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір рет

Негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең

-      асыл тұқымды өндіруші бұқаларды сатып алуға және  айналым қаражатын толтыруға – әр траншты берген кезден 12 айдан артық емес;

-      аналық басты,  оның ішінде ІҚМ селекциялық жас төлін сатып алуға және негізгі құралдарды сатып алу мен жөндеуге - әр траншты берген кезден 24 айдан артық емес.

Қамтамасыз ету

Кепіл саясатына сәйкес

Корпорацияның/КС-тің қарыз алушысына қойылатын негізгі талаптар

-    төлем қабілеттілігі;

-      салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы;

-  ЕДБ және басқа да қаржы институттары алдында мерзімі өткен берешегінің болмауы;

-      теріс кредиттік тарихының болмауы; 

-      малды ұстау үшін қажетті инфрақұрылымның болуы;

-      азық базасымен қамтамасыз етілгендігі;

-      жайылым алаңдарының, оның ішінде бірлескен қызмет туралы шарттар бойынша және (немесе) қарыз алушыға жергілікті атқарушы органдар ұсынған ортақ пайдаланудағы жерлердің болуы;

-      шаруашылықтағы ветеринарлық-санитарлық амандықтың болуы (ІҚМ болған жағдайда);

-    саны мал басы жалпы санынан (меншікті және сатып алынатын ІҚМ) 25%-дан кем емес меншікті ІҚМ болуы. Егер меншікті ІҚМ болмаған жағдайда, сатып алынатын ІҚМ санынан 25%-дан кем емес мөлшерде ақшалай қаражат түріндегі ортақ қаржыландыру қамтамасыз етілсін.

Жобаға қойылатын негізгі талаптар

-    сатып алынатын ІҚМ аналық басының, оның ішінде ІҚМ селекциялық жас төлінің жасы: 12-ден 48 айды  қоса болуы қажет;

-    міндетті түрде меншікті немесе кредиттік ресурстар есебінен сатып алынатын асыл тұқымды өндіруші бұқалардың келесі ІҚМ санына арасалмағымен болуы тиіс: өсімпаздық жастағы 30 аналық басқа 1 асыл тұқымды өндіруші бұқа (жарамсызын шығару және өлім-жітімді шегере отыра);

-                 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31.12.2009 жылғы № 2331 қаулысымен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру ережесіне  сәйкес қолда бар және сатып алынатын ІҚМ сәйкестендіру (биркалау, чиптау);

-                 малға арналған бөлу орнының болуы (ІҚМ-мен жеке жұмыс жасау үшін мал айдайтын дәліз);

-                 сатып алынатын және қолда бар асыл тұқымды өндіруші бұқалардың асыл тұқымды мал карточкасы немесе асыл тұқымды куәлігі және ветеринарлық төлқұжаты болуы тиіс;

-    бордақылау алаңдарына ІҚМ «жас төлін» (бұқаларды) жеткізуге ниеттену шартын ұсыну; 

-    сатып алынатын ІҚМ аналық басын,  оның ішінде ІҚМ селекциялық жас төлін қаржыландырудың мөлшері бір ІҚМ басы үшін  195 000 (жүз тоқсан бес мың) теңгеден аспауы тиіс;

-                     асыл тұқымды мал карточкасы немесе асыл тұқымды куәлігі бар сатып алынатын асыл тұқымды өндіруші бұқаларды қаржыландырудың шекті мөлшері 1 кг тірі салмақ үшін 1500 (бір мың бес жүз) теңгеден аспауы тиіс.

Ерекше талаптар

Аталмыш бағдарламаның мақсатына сәйкес ІҚМ селекциялық жас төліне Ресей Федерациясынан, Украина мен Белоруссиядан әкелінген етті бағыттағы асыл тұқымды мал, Австралиядан әкелінген ІІІ санатты таза тұқымды мал, АҚШ пен Канаданың коммерциялық таза тұқымды малы жатқызылады.

 [1] кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдық пен ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау ережелеріне сәйкес сыйақының субсидияланатын ставкасы

 

 

Жылқы шаруашылығын дамытуға арналған кредиттеу бағдарламасы («Құлан»):

Бағдарлама мақсаты

Етті және етті-сүтті бағыттағы жылқылар санын ұлғайтуды қамтамасыз ету

Нысаналы топ

Заңды және жеке тұлғалар (ШҚ ФҚ, ЖК), КС

Нысаналы мақсаты

Заңды және жеке тұлғалар үшін:

-                    жылқылардың аналық басын және тұқым айғырларды сатып алу;

-                    негізгі құралдарды сатып алу мен жөндеу, айналым қаражатын толтыру

КС үшін:

-                    жылқылардың аналық басын және тұқым айғырларды сатып алуға КС қатысушыларын қаржыландыру үшін КС кредиттеу.

Қайнар көзі

РБ, ӨҚ, ТҚ

Валюта

теңге

Жылқыларды сатып алуға төлем нысаны мен қарыз берудің тәртібі

       Корпорация/КС қарыз алушыларына қарыз қолма-қол ақшасыз нысанмен беріледі.

       Жылқыларды сатып алуға төлеу нысаны – қолма-қол  ақшалай және ақшасыз:

-                    Жылқылар үшін қолма-қол ақшалай төлеу нысаны Корпорация/КС қарыз алушыларымен сомасы 15 000 000 (он бес миллион) теңгеден аспайтын мөлшерде қолданылады. Егер кредиттің жалпы сомасы 15 000 000 (он бес миллион) теңгеден асқан жағдайда қарыз 15 000 000 (он бес миллион) теңгеден аспайтын транштармен беріледі. 

-                    Жылқылар үшін төлемнің қолма-қол ақшасыз беру нысаны жеке тұлға-Корпорация/КС қарыз алушысының қарауы бойынша қолданылады.

Заңды тұлғалар - Корпорация/КС қарыз алушылары үшін жылқылар үшін қолма-қол ақшалай төлеу нысаны заңды тұлғалармен есеп айырысқан жағдайда  тиісті қаржы жылына белгіленген 1000 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде ғана қолданылады.

Транштармен қаржыландырылған жағдайда екінші және кейінгі транштарды беру алдыңғы транш бойынша ақша қаражатының нысаналы пайдаланылуын растайтын құжаттарды Корпорация/КС қарыз алушысы ұсынғаннан соң жүргізіледі, егер өзгесі   Корпорация/КС Кредиттік комитетінің шешімімен белгіленбесе.

Сома

Қарыз алушылар үшін, КС қоспағанда – 4 500 000 теңгеден бастап Корпорация меншікті капиталының 25% дейін;

КС үшін – 2 500 000 теңгеден бастап 100 000 000 теңгеге дейін.

Кредиттердің түрлері

Жылқылардың аналық басын сатып алуға, негізгі құралдарды сатып алу мен жөндеуге қарыз (КС қоспағанда)/ жаңартылмайтын кредит желісі, тұқым айғырларды сатып алу мен  айналым қаражатын толтыруға жаңартылатын кредит желісі.

Кредит желісінің мерзімі

120 айға дейін

Кредит/транш мерзімі

-         жылқылардың аналық басын және тұқым айғырларды сатып алу – 120 айға дейін;

-         негізгі құралдарды сатып алу мен жөндеу – 120 айға дейін;

-          айналым қаражатын толтыру – 24 айға дейін.

 

Кредиттеу ставкасы

-         қарыз алушылар үшін (КС қоспағанда) – жылқыларды сатып алуға – жылдық 14% (субсидиялауды есепке ала отыра, жылдық 7%)[1], техника мен жабдықты сатып алуға – жылдық 14% (субсидиялауды есепке ала отыра, жылдық 4%), айналым қаражатын толтыруға - жылдық 14%  (СЖТС – жылдық 14% бастап)

 

-         КС үшін – жылдық 9,5 % (КС қарыз алушылары үшін – жылдық 14% артық емес) (СЖТС – жылдық 9,5 % бастап)

 

Негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең

ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір рет, жылына бір рет, ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігімен

Сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең

ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір рет

Негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең

-        жылқылардың аналық басын және тұқым айғырларды сатып алуға, негізгі құралдарды сатып алу мен жөндеуге – әр траншты беру күнінен бастап 36 айдан артық емес;

-        айналым қаражатын толтыруға – әр траншты беру күнінен бастап 12 айдан артық емес.

Сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең

әр траншты беру күнінен бастап 12 айдан артық емес

Қамтамасыз ету

Кепіл саясатына сәйкес

Корпорацияның/КС-тің қарыз алушысына қойылатын негізгі талаптар

-        төлем қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылық;

-        салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы;

-        ЕДБ және басқа да қаржы институттары алдында мерзімі өткен берешегінің болмауы;

-        теріс кредиттік тарихының болмауы;

-        жайылым алаңдарының болуы, о.і. бірлескен қызмет туралы шарттар бойынша және   (немесе) қарыз алушыға жергілікті атқарушы органдар  берген ортақ пайдалану жерлерінің болуы;

-        шаруашылықтағы ветеринарлық-санитарлық амандықтың болуы (жылқылар болған жағдайда);

-        саны жалпы бас санының (меншікті және сатып алынатын жылқылардың) 30 %-нан кем емес меншікті жылқылар басының болуы. Меншікте жылқылар болмаған жағдайда, қарыз алушы  сатып алынатын жылқылар санының құнынан 30 %-дан кем емес мөлшерде ақшалай қаражат түрінде ортақ қаржыландыруды қамтамасыз ету қажет.

Жобаға қойылатын негізгі талаптар

-                    сатып алынатын жылқының (биенің) жасы 12-ден бастап 36 айды қоса;

-                    сатып алынатын жылқылардың аналық басын қаржыландыру көлемі жылқының бір басы үшін 350 000 (үш жүз елу мың) теңгеден аспауы тиіс;

-                    жасы 24 айдан артық, жылқылар саны өсімпаздық жастағы 15 аналық биеге жарамсызын шығару және өлім-жітімді шегере отыра 1 өндіруші арасалмағымен меншікті және/немесе кредиттік ресурстар есебінен сатып алынатын өндіруші тұқым айғырлардың болуы;

-                    Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережелеріне сәйкес қолда бар және сатып алынатын жылқылар басын бірдейлендіру.

[1] кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдық пен ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау ережелеріне сәйкес сыйақының субсидияланатын ставкасы

 

 

Ұсақ қара малды сатып алу үшін кредиттеу бағдарламасы «Алтын Асық»:

Бағдарлама мақсаты

Етті және етті-майлы бағыттағы ҰҚМ тауарлық табынының санын ұлғайтуды қамтамасыз ету

Нысаналы топ

Заңды және жеке тұлғалар (ШҚ ФҚ, ЖК), КС

Нысаналы мақсаты

Заңды және жеке тұлғалар үшін:

1)                 ҰҚМ аналық басын және асыл тұқымды өндіруші қошқарларды сатып алу;

2)                 негізгі құралдарды сатып алу мен жөндеу, айналым қаражатын толтыру.

КС үшін:

ҰҚМ аналық басын және асыл тұқымды өндіруші қошқарларды сатып алу үшін КС қатысушыларын қаржыландыруға КС кредиттеу.

Қайнар көзі

РБ, ӨҚ, ТҚ

Валюта

теңге

ҰҚМ сатып алуға төлем нысаны мен қарыз берудің тәртібі

     Корпорация/КС қарыз алушыларына қарыз қолма-қол ақшасыз нысанмен беріледі.

ҰҚМ сатып алуға төлеу нысаны – қолма-қол  ақшалай және ақшасыз:

-                    ҰҚМ үшін қолма-қол ақшалай төлеу нысаны Корпорация/КС қарыз алушыларымен сомасы 15 000 000 (он бес миллион) теңгеден аспайтын мөлшерде қолданылады. Егер кредиттің жалпы сомасы 15 000 000 (он бес миллион) теңгеден асқан жағдайда қарыз 15 000 000 (он бес миллион) теңгеден аспайтын транштармен беріледі. 

-                   ҰҚМ үшін төлемнің қолма-қол ақшасыз беру нысаны жеке тұлға - Корпорация/КС қарыз алушысының қарауы бойынша қолданылады.

-                   Заңды тұлғалар - Корпорация/КС қарыз алушылары үшін ҰҚМ үшін қолма-қол ақшалай төлеу нысаны заңды тұлғалармен есеп айырысқан жағдайда  тиісті қаржы жылына белгіленген 1000 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде ғана қолданылады.

          Транштармен қаржыландырылған жағдайда екінші және кейінгі транштарды беру алдыңғы транш бойынша ақша қаражатының нысаналы пайдаланылуын растайтын құжаттарды Корпорация/КС қарыз алушысы ұсынғаннан соң жүргізіледі, егер өзгесі   Корпорация/КС Кредиттік комитетінің шешімімен белгіленбесе.

Сома

КС қоспағанда, қарыз алушылар үшін – 5 000 000 теңгеден бастап Корпорация меншікті капиталынан  25%-ға дейін;

КС үшін –  500 000 теңгеден бастап  30 000 000 теңгеге дейін.

Кредиттердің түрлері

ҰҚМ аналық басын сатып алуға, негізгі құралдарды сатып алу мен жөндеуге қарыз (КС қоспағанда)/ жаңартылмайтын кредит желісі, асыл тұқымды өндіруші қошқарларды сатып алу мен  айналым қаражатын толтыруға жаңартылатын кредит желісі.

Кредит желісінің мерзімі

84 айға дейін

Кредит/транш мерзімі

-          ҰҚМ аналық басын сатып алу –  84 айға дейін;

-           асыл тұқымды өндіруші қошқарларды сатып алу - 24 айға дейін;

-          негізгі құралдарды сатып алу мен жөндеу –  84 айға дейін;

-           айналым қаражатын толтыру –  24 айға дейін.

Кредиттеу ставкасы

-          қарыз алушылар үшін (КС қоспағанда) – ҰҚМ сатып алуға – жылдық 14% (жылдық 7% субсидиялауды есепке ала отыра)[1], техника мен жабдықты сатып алуға – жылдық 14%  (жылдық  4% субсидиалауды есепке ала отыра), айналым қаражатын толтыруға - жылдық 14%  (СЖТС – жылдық 14% бастап)

КС үшін:

-         жылдық 9,5 %  (КС қарыз алушылары үшін – жылдық 14% артық емес) (СЖТС – жылдық 9,5% бастап)

Негізгі борышты өтеу мерзімділігі

ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір рет, жылына бір рет, ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігімен

Сыйақыны өтеу мерзімділігі

ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір рет

Негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең

-         ҰҚМ аналық басын және асыл тұқымды өндіруші қошқарларды сатып алуға, негізгі құралдарды сатып алу мен жөндеуге – әрбір траншты берген күннен бастап 24 айдан артық емес;

-         айналым қаражатын толтыруға – әрбір траншты берген күннен бастап 12 айдан артық емес.

Сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең

әрбір траншты берген күннен бастап 12 айдан артық емес

Қамтамасыз ету

Кепіл саясатына сәйкес

Корпорацияның/КС-тің қарыз алушысына қойылатын негізгі талаптар

-                төлем қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылық;

-                 салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы;

-                ЕДБ және басқа да қаржы институттары алдында мерзімі өткен берешегінің болмауы;

-                теріс кредиттік тарихының болмауы;

-                жайылым алаңдарының болуы, оның ішінде бірлескен қызмет туралы шарттар бойынша және (немесе) қарыз алушыға жергілікті атқарушы органдар берген ортақ пайдалану жерлерінің болуы;

-                шаруашылықтағы ветеринарлық-санитарлық амандықтың болуы (ҰҚМ болған жағдайда);

-                саны жалпы бас санының (меншікті және сатып алынатын ҰҚМ) 30 %-нан кем емес меншікті ҰҚМ болуы. Меншікті ҰҚМ болмаған жағдайда, Қарыз алушы сатып алынатын ҰҚМ санының құнынан 30 %-дан кем емес мөлшерде ақшалай қаражат түрінде ортақ қаржыландыруды қамтамасыз ету қажет.

Жобаға қойылатын негізгі талаптар

1)                сатып алынатын ұрғашы қойдың (ұрғашы тоқтының) жасы 6 айдан бастап 36 айды қоса;

2)                сатып алынатын ҰҚМ аналық басын қаржыландыру көлемі ҰҚМ бір басы үшін 25 000 (жиырма бес мың) теңгеден аспауы тиіс;

3)                меншікті және/немесе кредиттік ресурстар есебінен сатып алынатын асыл тұқымды өндіруші қошқарлардың болуы, жасы 24 айдан артық, ұрықтандыру өткізу тәсіліне байланысты ҰҚМ санына арасалмағымен:

-                    ерікті шағылысқанда – 30 бас ұрғашы қойға 1 асыл тұқымды өндіруші қошқар;

-                    қолдан шағылыстырған кезде - 50 бас ұрғашы қойға 1 асыл тұқымды өндіруші қошқар;

-                    жасанды шағылыстырған кезде - 500 бас ұрғашы қойға 10 асыл тұқымды өндіруші қошқар;

4)                Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережелеріне сәйкес қолда бар және сатып алынатын ҰҚМ сәйкестендіру.

 

[1] кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдық пен ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау ережелеріне сәйкес сыйақының субсидияланатын ставкасы  

 

Жайылымдарды суландыру инфрақұрылымының құрылысын кредиттеу бағдарламасы:

Бағдарлама мақсаты

Жайылымдық мал шаруашылығы инфрақұрылымын құру

Нысаналы топ

Заңды және жеке тұлғалар (ШҚ, ФҚ, ЖК), КС

Нысаналы мақсаты

Негізгі құралдар (құдықтар мен өзге қажетті құрылыстарды салу мен жөндеу, трансформаторларды, күн батареяларын, арнайы техниканы сатып алу) және айналым қаражаты

Қайнар көзі

 ӨҚ, ТҚ

Валюта

теңге

Сома

500 000 теңгеден бастап Корпорация меншікті капиталының 25% дейін

Кредиттердің түрлері

кредит/жаңартылмайтын / жаңартылатын кредит желісі

Кредит желісінің мерзімі

 84 айға дейін

Кредит/траншмерзімі

-         негізгі құралдарды сатып алу – 84 айға дейін;

-         айналым қаражатын толтыру – 24 айға дейін.

Кредитеу ставкасы

-       қарыз алушылар үшін (КС қоспағанда) – жылдық 14%

(субсидиялауды есепке ала отыра жылдық 7%)[1]

(СЖТС – жылдық 14% бастап)

-       КС үшін – жылдық 9,5%

(КС қарыз алушылары үшін – жылдық 14% артық емес)

(СЖТС – жылдық 9,5% бастап)

Негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең

12 айға дейін

Қамтамасыз ету

Кепіл саясатына сәйкес

Қарыз алушыға қойылатын негізгі талаптар

-    төлем қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылық;

-    салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы;

-    ЕДБ мен өзге қаржы институттары алдындағы мерзімі өткен берешегінің болмауы;

-    теріс кредиттік тарихының болмауы;

-    меншік және (немесе) ұзақ мерзімді жалға алу құқығымен жайылым алаңдарының болуы;

-    мал басының болуы;

-    шаруашылықтағы ветеринарлық-санитарлық амандықтың болуы.

Жобаға қойылатын негізгі талаптар

-    құдықтарды бұрғылаумен/жөндеумен байланысты жұмыстарды жасаған жағдайда, ҚР заңнамасында көзделген талаптарды қарыз алушының қатаң сақтауын қамтамасыз ету;

-    құдықтарды қалпына келтіру/салу бойынша алынған субсидияларды НБ төлеуге бағытталуы тиіс.

[1] инвестициялық салымдар жағдайында агроөнеркәсіптік кешен субъектісі жасаған шығындардың бөлігін төлеу жөніндегі субсидиялау ережелеріне сәйкес сыйақының субсидияланатын ставкасы.