"Жезқазған қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" ММ
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Главная Мемлекеттік мекемесі Нормативтік актілер, заңдар тізімі «Жезқазған қаласының кәсіпкерлік  және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ Регламенті

«Жезқазған қаласының кәсіпкерлік  және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ Регламенті

Опубликовано: 16 сентября 2013 . Обновлено: 27 февраля 2016
  1. Жалпы ережелер

1.1 Осы Регламентпен белгіленген жұмыс тәртібі бөлімнің барлық қызметкерлеріне міндетті болады.

1.2.Жұмысты ұйымдастыру, жоспарлау, іс жүргізудің жүргізілуін бақылау, орындалу, есепке алу, сақтауды бақылау жауапкершілігі жетекшіге жүктеледі.

1.3. Мекемелер және кәсіпорындармен қызметтік хат жазысу мемлекеттік тілде, азаматтардың өтініштері жүгінген тілде жүргізіледі.

 

  1. Бөлімнің жұмысын жоспарлау

2.1.Бөлімнің жұмысы жоспарлы негізде құрылады. Жұмыс жоспарлары жылға (перспективті), тоқсанға және айға құрылады, онда мәселелерді пысықтау, әкімдіктің мәжілісіне дайындау көзделеді. Тиісті қала әкімінің орынбасарымен келісілген жоспарлар ұйымдастыру-инспекторлық бөліміне ұсынылады. 

 

III. Қала әкімінің өкімдерін дайындау, ресімдеу, көбейту тәртібі

3.1 Қаланың әкімінің қол қоюына ұсынылған шешімдер мен өкімдер жобасы тиісті қала әкімінің орынбасарларымен, аппарат жетекшісімен, мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бастығы және басқа мүдделі бөлімдермен келісілуі тиіс.

Келісім бұрыштама қою жолымен жүзеге асырылады және жобаның бірінші бетіне қойылады. 

Қаржылық қамтамасыз талап етілетін құжаттың жобасы қаржылық органдармен келістіріледі.

3.2 жоғарыда тұрған органдардан түскен өтініштер мен құжаттар қала әкімінің немесе әкімнің орынбасарының бақылауынан алынады, құжат әімнің бұрыштама қоюы негізінде бақылаудан алынады, қараудан кейін ақпараттың көшірмесі қала әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне жолданады.  

Егер объективті себептермен құжаттарды орындау мүмкіндігі болмаса бөлім басшылыққа хаттың мерзімін ұзарту жөнінде негіздемесімен хат дайындайды.

  1. Азаматтардың өтініштерін қарау мерзімдері.

4.1 Азаматтардың өтініштері қаралады және қала әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне түскен күннен бастап бір ай мерзімінде қаралады және шешім қабылданады, ал қосымша пысықтау және тексеріс қажет етілмейтіндері 15 күннен кешіктірілмей қаралады.   Қосымша тексерістер жүргізу қажет болған жағдайда мерзімдер ұзартылуы мүмкін, бірақ бір айдан артық болмайтын мерзімге ұзартылады, бұл жөнінде өтінушіге хабарлау қажет.

4.2. Бөлім қызметкерлері:

- құзырына қатысты азаматтардың өтініштерін заңмен белгіленген тәртіпте және мерзімде қабылдау және қарау;

- заңды және негізді шешім қабылдау;

- азаматтарға қабылданған шешімдер туралы жазбаша түрде хабарлау, жауаптарды өтініш берілген тілде беру қажет.

4.3. Жеке мәселелер бойынша басшының қабылдауы: сейсенбі және бейсенбі   сағат 14.30 - 16.30  дейін.