A A
SI
: 15 2010 . : 22 2016
                                                            Жезқазған қаласы әкімдігінің
                                                        2010 жылғы 18 ақпандағы
 
№ 04/02  қаулысымен бекітілді
 
 
«Жезқазған қаласының кәсіпкерлік  бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
 
ЕРЕЖЕСІ
 
  1. Жалпы ережелер
 
1. «Жезқазған қаласының кәсіпкерлікбөлімі» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай- «мемлекеттік мекемесі») қалалық бюджеттен қаржыландырылатын, коммерциялық емес заңды тұлға. Ол шағын кәсіпкерлік саласында, негізгі капиталға инвестиция тартуда, инновациялық жобаларды және сапа мендежмент жүйесін еңгізуде, кәсіпкерлік қызметтің жеке түрлерін лицензиялауда   мемлекеттік саясатты жүргізеді.
2. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, қала әкімі орынбасарларның нұсқаулары мен тапсырмаларына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік мекеме заңды тұлға табылады, ол Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрге және атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртаңбаға, белгіленген үлгідегі бланктерге, сонымен қатар заңнамаға сай банктерде есепшоттарға ие.
        Мемлекеттік мекеме өз атынан азаматтық- құқықтық қатынастарға кіреді.
        Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған өкілетті болса, жергілікті атқарушы орган  атынан азаматтық- құқықтық қатынастар тарапынан сөйлеуге құқығы бар.
4. Бекітілген лауазымдық нұсқаулық міндеттері негізінде мемлекеттік мекеменің ережесін, құрылымын, штат санын қала әкімдігі бекітеді.
Мемлекеттік мекеменің және мекеме қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулары қала әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарларымен келісілді.
5. Мемлекеттік мекеменің мекен-жайы: 100600, Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, Алаш алаңы,1.
6. Мемлекеттік мекеменің толық атауы:
   «Жезқазған қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі, государственное учреждение «Отдел предпринимательства  города Жезказгана».
7. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы мемлекет атынан «Жезқазған қаласы Әкімінің Аппараты» Мемлекеттік Мекемесі болып табылады, мемлекеттік мекеменің мекен-жайы: 100600, Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, Алаш алаңы, 1.
8. Осы Ереже мекеменің құрылтайшылық құжаты болып табылады.
9. Мемлекеттік мекеме қызметін қаржыландыру Жезқазған қаласы жергілікті бюджет қаражаттарының есебінен жүзеге асырылады.
 
  1. Мемлекеттік мекеменің функциялары,  негізгі міндеттері және құқығы
 
10. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген функцияларды жүзеге асырады (міндеттер жүктейді).
11. Мекеменің негізгі міндеттері:
1) Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, жоғары тұрған мемлекеттік мекемелердің заңдылық, директивалық ереже белгілейтін актілерін, қала әкімінің кәсіпкерлік қызметін қолдау және дамыту бойынша  бөлімнің құзырына кіретін мәселелерді жүзеге асыру. 
2) кәсіпкерлік  саласында даму стратегиясының мемлекеттік саясатын жүзеге асыру;
3) кәсіпкерлік саласында  қаланың әлеуметтік - экономикалық даму болжамын құру:
4) мемлекеттік мекеме дамуының стратегиялық жоспарын құру:
5) инновациялық жоаларды енгізуде республикалық бағдарламаның тапсырмасын жүзеге асыру;
6) негізгі капиталға инвестиция тартуда, сапа мендежмент жүйесін еңгізуде мониторинг жүргізу;
7) Қазақстан Республикасы нормативті құқық актілерімен жергілікті атқарушы органдарға берілген кәсіпкерлік қызыметінің жекетүрлеріне лицензия алу үшін құжаттар дайындау;
8) жинақтау және талдау бойынша басшылық жасайтын сұрақтар бойынша мониторинг жүргізу, әкімге немесе әкімінің басшылық жасайтын орынбасарына ақпарат дайындау;
12. өз функцияларын жүзеге асыруда мемлекеттік мекеме құқылы:
1) әкім немесе қала әкімдігіне кәсіпкерлік бойынша және кәсіпкерлік  қызметтің жеке түрлерін лицензиялау мәселесі бойынша ұсыныс жасау.
2) өз құзырлығы денгейінде мемлекеттік органдарға қала әкімінің жетекші орынбасарымен келісуі бойынша ақпараттық - аналитикалық ақпараттар дайындап ұсыну;
3) қалалық дербес басқару органдарынан, кәсіпорындардан, мекемелер мен ұйымдардан кәсіпкерлік бөлімнің құзырына жататын мәселелерді шешуге қажетті материалдарды белгіленген тәртіпте сұратуға және алуға;
4) нақты мерзімге сәйкес даму туралы ақпарат, баяндама дайындау;
5) кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы мониторинг жасайтын  халыққа ұсынылатын әлеуметтік-экономикалық тауарлар  тобына  баға мониторингі;
6) өзінің құзыреті шегінде қала әкімінің және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларың даярлауға;
7) қала әкімінің қатысумен өтетін қала әкімдігі отырысына, қала әкімі мен орынбасарлары өткізетін кеңестерге қатысуға;
8) бөлім құзыруна жататын шешімдер, өкімдер мен ұсынастар жобаларын қала әкімінің қарауына ұсынуға, белгіленген тәртіпте кеңестер шақыруға;
9) қалалық бөлімдер мен басқармалар мамандарын  жоба баяндама, ақпарат, хабар, меңгеру және талдау әзірлеуге қатысуға тарту;
10) заңнамадағы оған жүктелген басқа да құқықтарды жүзеге асырады.
11) Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 21 маусымындағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңына сәйкес жұмыс істеуін, сондай-ақ, мемлекеттік функцияларын, мекеменің жарғылық қызметін қамтамасыз ету үшін тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді ақылы негізде сатып алу.
13. Мемлекеттік мекемеге келесі міндеттер жүктеледі:
1) кәсіпкерлік  саласы туралы ақпарат баяндама дайындау;
2) қала мекемесімен кәсіпорындағы басты капиталының инвестициялық талдауы;
3) кәсіпкерлік ақпараттық жайы туралы баяндама дайындау;
4) қала мекемесі мен кәсіпорындардағы менеджмент және сапа жүйесін дамыту туралы жұмыстарын енгізу;
5) инновациялық жобаларды енгізу жұмыстарын ұйымдастыру;
6) кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы мониторинг жасайтын тауарларларға    мониторинг жасау;
7) кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау саясатын  орындалуына қатысу;
8) бастауыш кәсіпкерлерге және  шағын және орта бизнес, субьектілеріне кеңестік, тәжірибелік көмек көрсету;
9) шағын және орта бизнес субъектілерінің, бөлім құзырына кіретін барлық мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, басқа ұйымдармен және мекемелермен өзара қимылын үйлестіру;
10) біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру актісін жасау және алкоголь өнімдерін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сатуға комиссия отырысына құжаттар дайындау, сондай ақ осы тармақ бойынша әкімдік отырысына құжаттар әзірлеу;
11) Өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасында базарларға төлқұжат беру және категория тағайындау үшін құжат дайындау;
12) Қазақстан Республикасы заңнамаларында қаралған өзге де өкілеттіктерді орындау.
 
3. Мемлекеттік мекеменің мүлкі
 
14. Мемлекеттік мекеменің оқшаландырылған мүлкін жедел басқаруға құқығы бар.
Мемлекеттік мекеме мүлкі қала әкімі берген мүлік есебінен қалыптасады және негізгі қорлар мен айналымдағы қаражаттардан, сондайақ құны мемлекеттік мекеменің балансында көрсетілген өзге де мұліктен тұрады.
15. Мемлекеттік мекеме мүлкі бөлінеді және олардың салымдар бойынша бөлінуі мүмкүн емес.
16. Мемлекеттік мекеме бекітілген мүлікті, оның өз бетімен немесе өзге жолдармен иелігінен шағаруға құқығы жоқ.
17. Мемлекеттік мекеме дербес бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес есеп береді.
 
4. Мемлекеттік мекеме қызметін ұйымдастыру
 
18. Мемлекеттік мекеме қызметін Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарына сәйкес қала әкімі тағайындайтын және қызметтен босататын басшы басқарады.
19. Мемлекеттік мекеме басшысы мекеме жұмысына басшылық жасайды және мекемеге жүктелген міндеттер мен оның функцияларын жүзеге асыруға және қала әкімі мен жетекшілік ететін қала орынбасарының тапсырмаларын орындауға дербес жауапкершілік алады.
20. Мемлекеттік мекеме басшысы:
1) мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін аңықтайды;
2) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» заңына сәйкес мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің қызметке тағайындайды және қызметтерінен босатады;
3) заңнамамен белгіленген тәртіпке сәйкес мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне тәртіптік жаза белгілейді;
4) қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін орындауына, еңбек тәртібі мен орындаушылық жағдайына жауапкершілік деңгейін белгілейді;
5) бөлімнің ережесі және құрылымы бойынша ұсыныстар енгізеді;
6) бөлімнің барлық мамандарына орындауы үшін міндетті нұсқаулықтар мен бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді;
7) мемлекеттік органдарға және басқа ұйымдарда мемлекеттік мекеме атынан ұсынылады;
8) ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу» Заңына сәйкес қарауындағы тұлғалардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына қарсы әрекетіне жеке жауапты болады.
9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
 
 
5. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату
 
21. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңымен қайта ұйымдастырылуы мүмкiн. Мемлекеттік мекеме қайта ұйымдастыру қосу, бiріктіру, бөлу, бөлiп шығару, қайта құру нысанында және заңмен қарастырылған  басқа да нысандарда өзгеруілі мүмкiн.
       Мемлекеттік мекеме, бiрiктiру нысанындағы қайта ұйымдастыру жағдайларын қоспағанда, жанадан пайда болған мемлекеттік мекеме мемлекеттiк тiркеуден өткен кезiнен бастап қайта ұйымдастырылған болып есептеледi.
      Мемлекеттік мекемеге басқа мемлекеттік мекеме бiрiктiру нысанында оны қайта ұйымдастыру кезiнде олардын алғашқысы заңды тұлғалардын мемлекеттiк тiркелiмiне бiрiктiрiлген  мемлекеттік мекемені тоқтату туралы жазба енгiзiлген кезден бастап қайта ұйымдастырылған болып есептеледi.
      Қайта ұйымдастыру нәтижесiнде жанадан пайда болған мемлекеттік мекеме мемлекеттiк тiркеу және заңды тұлғалардын мемлекеттiк тiркелiмiне қайта ұйымдастырылған мемлекеттік мекеме қызметiн тоқтату туралы жазба енгiзу заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы заңдарда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
22. Мемлекеттік мекеме меншiк иесi құрылтайшы  органнын шешiмi бойынша таратылуы мүмкiн.  
Мемлекеттік мекеме тарату туралы шешiм қабылдаған құрылтайшылары заңды тұлғаларды тiркеудi жүзеге асырған әдiлет органына дереу жазбаша хабарлауға мiндеттi.
    Мемлекеттік мекеме тарату туралы шешiм қабылдаған құрылтайшы  тарату комиссиясын тағайындайды және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне, «Коммерциялық емес ұйымдар туралы»  Заңға сәйкес мемлекеттік мекеме  таратуды  тәртiбi мен мерзiмiн белгiлейдi.
 
6.Мемлекеттік мекеме  құрылтай  құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбі
 
23. Мемлекеттік мекеменің  жарғысына өзгерiстер мен толықтырулар онын құрылтайшысы «Жезқазған қаласы әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі  шешiмi бойынша енгiзiледi.
 
7. Мемлекеттік мекеме таратылған жағдайда онын мүлкiн пайдалану тәртiбi
 
24. Тарату комиссиясы орталық  әдiлет органынын ресми басылымдарында мемлекеттік мекеме таратылуы туралы, сондай-ақ онын кредит берушiлерiнiн талаптарын мәлiмдеудi тәртiбi мен мерзiмi туралы ақпарат жариялайды. Талаптарды мәлiмдеудi  мерзiмi мемлекеттік мекемені тарату туралы жарияланған кезден бастап екi айдан кем болмауға тиiс.
      Тарату комиссиясы кредит берушiлердi айқындауға және берешектерiн алуға, шара қолданады.
       Кредит берушiлердiн талаптар қоюына арналған мерзiм аяқталған сон тарату комиссиясы аралық тарату балансын жасайды, мұнда таратылатын мемлекеттік мекеме мүлiк құрамы туралы мәлiметтер, кредит берушiлер мәлiмдеген талаптардын тiзбесi, сондай-ақ олардын қаралу нәтижелерi туралы мәлiметтер болады.
      Аралық тарату балансын мемлекеттік мекеме  мүлкiн иеленушi мемлекеттік мекемені тарату туралы шешім қабылдаған құрылтайшы бекiтедi.     Кредит берушiлермен есеп айырысу аяқталған сон тарату комиссиясы тарату балансын жасайды, оны мемлекеттік мекеме мүлкiн меншiктенушi немесе мемлекеттік мекеме тарату туралы шешiм қабылдаған орган бекiтедi.
Мемлекеттік мекеме таратылған кезде кредит берушiлердiн талаптарын қанағаттандырғаннан кейiн қалған мүлкi, егер заң актілерiнде өзгеше тәртiп көзделмесе, құрылтай құжаттарында көрсетiлген мақсаттарға жұмсалады.
Заңды тұлғалардын мемлекеттiк тiзiлiмiне тиiстi жазба енгiзiлгеннен кейiн мемлекеттік мекеме таратылуы аяқталған, ал мемлекеттік мекеме жұмыс iстеуi тоқтатылған болып есептеледi.
 
8.Филиалдар мен өкiлдiктер туралы мәлiметтер
 
25. «Жезқазған қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінде филиалдар мен өкілдіктер жоқ.
 
 
 
 «Жезқазған қаласының кәсіпкерлік бөлімі»
 мемлекеттік мекемесінің бастығы                                                      К.Смағұлов